Ақпарат

Түркістан облысы аудандарында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейін зерделеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы

Ағымдағы жылдың қараша айында Түркістан облысының Сауран, Сайрам, Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарына Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – ТТО) қорғалу деңгейін зерделеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-сапар ұйымдастырылды.
Іс-сапар барысында аудан әкімдіктерінің, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен террористік тұрғыдан осал объектілердің иелері мен жауапты қызметкерлерімен жиналыстар өткізілді.
Жиналыстар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» қаулысының талаптары түсіндіріліп, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша міндеттер мен жауапкершіліктер егжей-тегжейлі баяндалды.
Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде ТТО объектілердің тізіміндегі бірқатар өлшемшарттарға сәйкес келмейтін нысандар мен өлшемшарттарға сай келетін объектілердің тізімге қосылмай қалғандығы анықталды, бұл өз кезегінде осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға және өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге оң әсерін тигізді.

Жиналыс аяқталғаннан кейін Терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен бірге объектілерге барып, орнында зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізілді. Кейбір нысандарды зерделеу жұмыстары барысында келесідей кемшіліктер анықталды: турникеттердің орнатылмауы, дабыл түймелерінің болмауы, профилактикалық түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі, хабарландыру және бейнебақылау жүйелерінің жеткіліксіздігі.
Аталған кемшіліктер бойынша нысан басшылары мен жауапты тұлғаларға нақты түсіндірме беріліп, оларды қысқа мерзім ішінде жою қажеттілігі туралы ескертілді.
Сонымен қатар, кемшіліктер уақытылы жойылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы негізінде айыппұл санкциялары немесе өзгеде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатыны түсіндірілді.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде облыс аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуы бойынша жұмыстардың жандануына және тиісті қауіпсіздік талаптарының сақталуына ықпал етті


Қатысты жаңалықтар

Есті алған есірткіге ел болып қарсы тұрсақ…

Damu Info

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Damu info

Түркістанда тәуелсіздікпен құрдас 121 полицей қызмет атқарады

Damu Info