Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ 1667,0 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір экономикасын әртараптандырып, жұмыс орындарын ашуға, кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынған. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 585,8 млрд теңгені, нақы көлем индексі 110,1%-ды құрады.

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 667,0 мың теңгеге жетті. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша өңірде жалпы өңірлік өнім құрылымында басым бағыттар айқындалды. Олар: ауыл, орман және балық шаруашылығы – 495,3 млрд теңге, өнеркәсіп – 567,6 млрд теңге, көтерме және бөлшек сауда – 195,8 млрд теңге, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 417,3 млрд теңге, көлік және қойма шаруашылығы – 334,9 млрд теңге, білім – 545,2 млрд теңге және құрылыс – 306,7 млрд теңге.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2025 жылғы қараша айына 113,9%-ды құрап, экономикалық өсімнің артқандығын көрсетеді. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 596,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 113,8%. Тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 715,7 млрд теңгені немесе НКИ 113,8%-ды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 114,7% деңгейінде қалыптасып, өнім көлемі 770,7 млрд теңгені құрады.

Сарығаш ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 385,8 млрд теңгені құраған. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 137,2 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 млрд теңге көлемінде. Сондай-ақ, негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев айтты.

«Былтыр ауданда 78 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болатын. Сондай-ақ, 5 219 гектар аумаққа тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, 1 324 гектар жерге қарқынды бау егілген. Одан бөлек, бүгінде аудан бойынша жылыжай көлемі – 807,2 гектар. Еліміздегі жылыжайлардың 70 пайызы Сарығаш ауданында орналасқан. Өткен жылы ауданда құс фабрикасын кеңейту мен 4,3 гектар лимон өсіруге арналған жылыжай кешені мен жеміс қоймасы жобасы жүзеге асты. Сонымен қатар, мал сою және экспортқа ет дайындау орны мен 1000 басқа арналған мал бордақылау кешені құрылды. Ал, 2026 жылы ауыл шаруашылығы саласында 5 000 бастық мал бордақылау алаңы мен 1000 бастық ірі қара мал бордақылау алаңы жүзеге асырылады. Одан бөлек, өсімдік майын өндіретін және құрама жем дайындау цехы ашылады»,- деді аудан әкімі.

Аудан басшысының айтуынша, былтыр аудандағы өнеркәсіп саласында бір реттік ыдыстар және пластмасса жәшіктер өндіретін цех ашылған. Сондай-ақ, күнбағыс майын өңдеу мен темірбетон цехы жүзеге асқан. Ал, биыл жалпы құны 7,5 млрд теңгені құрайтын минералды су құю зауыты, қыш шығару және күнбағыс майын өңдеу цехы, шағын су электр станциясы құрылмақ. Одан бөлек, өткен жылы 62 201 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп, күрделі жөндеуден өткен 2 мектеп, ағымдағы жөндеуден өткен 2 мектеп пайдалануға берілген.

Айта кетсек, өткен жылы аудандағы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл 89 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды

Damu info

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰМАР ОЙЫНДАРДЫҢ ЗАРДАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Damu Info

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Damu info