«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде мобильді топтың қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға:
• Нұрбеков Талғат – аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы,
• Тұрымбет Манзура – «Отбасын қолдау орталығының» психологы,
• Құралбаева Гүлсара Әлімқызы – аудандық білім бөлімінің бас маманы,
• Маржан Тағайқызы – «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары қатысты.
Кездесу Еңбек жалпы білім беретін мектебінің 8–11 сынып оқушыларымен өтті. Әр сала мамандары өз құзыреттері аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесудің соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Айта кетейік, Қазығұрт аудандық Жастар орталығы мен Отбасын қолдау орталығы бірлесіп, Қ. Абдалиев ауылдық округіне қарасты Қызылдала жалпы білім беретін мектебінің 8–11 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Шара барысында буллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің қаупі, өз өзіне қол жұмсау, түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың кафе мен тойханаларда жұмыс істеуіне қатысты заң талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қарастырылған әлеуметтік қолдаулар, жеңілдіктер мен білім гранттары туралы толық әрі нақты ақпарат берілді. Кездесу жасөспірімдер үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Сондай-ақ, «Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Шарбұлақ ауыл округінде мобильді топтың қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің мамандары Б.Орынбаев, Г.Құралбаева, Е.Жақсыбай, аудандық прокуратураның прокуроры, аудандық полиция бөлімінің ЮПТ инспекторы Нұрбеков Талғат, аудандық орталық аурухананың дәрігері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары М.Тағайқызы, «Отбасын қолдау орталығының» психологы М.Тұрымбет қатысты.
Кездесу Шарбұлақ жалпы білім беретін мектебінің 8–11 сынып оқушыларымен өтті. Әр сала мамандары өз құзыреттері аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесудің соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Кездесу барысында:
-жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүруінің алдын алу;
-кәмелетке толмағандардың кафе, тойханаларда заңсыз жұмыс істеу мәселесі;
-мектеп қабырғасында әлімжеттіктің (буллингтің) алдын алу;
-ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық;
-өз-өзіне қол жұмсау;
-мектеп формасын сақтау;
-жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Серпін–2050» бағдарламасы кеңінен насихатталып, түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.
Үлгілі ауылдың жастары – үлгілі болашақтың кепілі!
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуына зор септігін тигізеді.
Сонымен қатар күндізгі рейд жұмыстары Шанақ ауылында да жүргізілді.
Шанақ ауыл округіндегі дүкендерге күндізгі рейд ұйымдастырылып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі өнімдері мен спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында дүкен иелері мен сатушыларға қолданыстағы заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, жасөспірімдерге зиянды өнімдерді сатқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
