Соңғы жаңалықтар

Шардарада жастар интернет-алаяқтарға алданбаудың алдын-алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Биылғы жылдың басталғанына бір айдан енді ғана асса да облыс көлемінде алаяқтық қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артып отыр. Анықтап айтқанда құқық қорғау органдарының бұл бағытта алдын алу шараларын жан-жақты өткізгеніне қарамастан қылмыс саны 73-тен 94 ке артты. .

Бұған алаңдаушылық білдірген облыс әкімінің тапсырмасына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы онлайын дөңгелек үстел өткізіп, онда интернет алаяқтарының қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу бойынша ой-пікірлер тыңдалды. Оған облыстық Департамент, Басқарма басшыларымен қатар Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан прокуроры Әлі Алмас, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде баяндамашылар интернет алаяқтықтың түрлері мен оның жолын кесудегі қиындықтарға тоқталды. Банктер тарапынан кредит алушыларға ұсыныс бергеннен кейін бір тәулік ойлануға уақыт берудің сақталмайтындығы, бір тәулікте бір азаматтың бірнеше банктен кредит алуына мүмкіндік берілетіндігі, төлем қабілеттіліктері тексерілмейтіндігі, соңы алаяқтықтық орын алуына алып баратындығы айтылды. Сонымен қатар алаяқтықтың алдын алу бағытында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды жандандыру, кредит алушыларға тек банкке барып несие рәсімдеуді түсіндіру, алаяқтықтың түрлері мен алдын алу шаралары бойынша бейнебаяндарды көбейтіп көпшілік орындарда жиі көрсетіп, ақпарат құралдарында материалдар беруді ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков дөңгелек үстелден кейін ондағы көтерілген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп, қала мен ауылдық округтерде ардагерлер мен жастар арасында алаяқтықтарға алданып қалудың алдын алу бойынша тиісті мамандарға тапсырмалар берді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАР ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ

Damu info

«Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі!

Damu Info

«Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы»

Damu Info