Ақпарат

Инвесторларға заң талаптары түсіндірілді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өңірдегі шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесу өтіп, оларға Қазақстан Республикасының заң талаптары түсіндірілді.

Кездесуге облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Аида Смағұл, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова, «Тұран» арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жасұлан Төлебеков қатысты. 

Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеу заңдылығы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат рәсімдеу тәртібі, қолданыстағы заң талаптары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және инвестициялық жобалардың заңды жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен түсіндірілді. 

Бүгінгі таңда Түркістан облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 165,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар мақта-мата өнеркәсібін, ірі қара мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өндіру ісін, көкөністерді кептіру мен қайта өңдеуді, бейнебақылау камераларын, еден жабындыларын шығаруды жүзеге асырды. Сондай-ақ қуаттылығы 300 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы басталды. 

Нұрбол Тұрашбеков өз кезегінде жұмыс барысында заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

– Іскерлік байланыстарды нығайту – өнеркәсіптің тұрақты дамуының негізі. Ал, сенімді серіктестік – қазіргі таңда ең маңызды ресурс. Сіз бен біздің арамызда жауабы жоқ сұрақтар болмауы тиіс, – деді ол. 

Жауапты мамандар еңбек заңнамасының негізгі бағыттарына тоқталып, жұмыс күшін тіркеу, рұқсат рәсімдеу ережелерін баяндап берді. Компания өкілдері тіркелім мерзіміне, салық заңдылығына, еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарын қойып, сауалдарына мамандардан жауап алды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСІП, АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Damu info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 200-ДЕН АСТАМ ӨРТ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Damu info

Ордабасыда дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Damu Info