Жаңалықтар

«Жасөспірімдер арасында суицид, лудоманияның алдын алу мен болдырмау» тақырыбында жиын өтті

Отырар ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Комиссия отырысын Отырар ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Көшпелі отырыс С.Мұқанов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту болды.

Күн тәртібіне сәйкес мектеп директорлары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде баяндама жасап, оқу-тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есеп берді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу, тәуекел тобындағы балалармен атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы кеңінен талқыланды.

Комиссия төрағасы Айдос Құлмаханов өз сөзінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдауды күшейту – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ата-аналармен, білім беру ұйымдарымен және жауапты мемлекеттік органдармен өзара байланысты нығайту қажеттігін жеткізді.

Отырыста комиссия мүшелері білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің жұмысын жандандыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша сала басшылары мен мектеп әкімшіліктеріне нақты тапсырмалар беріліп, анықталған мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Отырар аудандық мәдениет сарайында «Жасөспірімдер арасында суицид, лудомания және қылмыстың алдын алу мен болдырмау» тақырыбында маңызды профилактикалық жиын өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында теріс әрекеттердің алдын алу, олардың психологиялық тұрақтылығын арттыру және қоғамдағы жауапкершілігін қалыптастыру.

Жиын мәдениет сарайы қызметкерлері дайындаған тәрбиелік мәні жоғары арнайы көрініспен бастау алды. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы жүргізіп отырды.

Іс-шара барысында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Досанов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрдос Төрехан,аудандық отбасын қолдау орталығының психолог маманы Әдемі Махамбет, «Шуақты аналар» қоғамдық ұйымының төрайымы Байжұман Қалдан, Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептің психолог маманы Гүлбайра Адырбекова, ауданның бас имамы Бахыт Әбусейіт баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер, олардың алдын алу жолдары мен жауапкершілік туралы кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, спикерлер жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, құқықтық сауаттылық және психологиялық қолдаудың маңызына ерекше назар аударды.

Жиын соңында Отырар ауданы прокурорының орынбасары Изтлеуов Серік Нұрмаханович қорытынды сөз сөйлеп, жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Айта кету керек, аталған жиын жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, қоғамдағы теріс құбылыстардың алдын алуға бағытталған маңызы зор, тағылымды іс-шара болды.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

БЫЛТЫР 36 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Damu Info

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

Damu info

«ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ»

Damu Info