Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 143 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Әбілханұлы 2025 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру жиынын өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлмен төрағалығымен өткен жиынға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, дербес бөлімдердің қызметкері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында полиция бөлім бастығы өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылған шараларды баяндады. 2025 жылы аудан көлемінде барлық бағыт бойынша 197 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға артқан.

Қылмыстың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында өткен жылы аудан аумағында 38 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті тарапынан ауданның ішкі көшелеріне қосымша 105 бейнебақылау камерасы қойылып, барлығы бірыңғай орталықтандырылған жүйеге қосылған. Қазіргі таңда аудандағы бейнебақылау камераларының жалпы саны 143-ке жетіп, бір орталықтан бақылауға алынған.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға полиция бөлімі басшысы нақты жауаптар берді.

Іс-шара барысында құқық қорғау саласында үздік нәтиже көрсеткен Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Оларға аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлмен, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, аудан прокуроры Е. Қожабеков және полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы арнайы алғыс хаттар табыстады.

Есеп беру жиыны құқық қорғау органдары мен халық арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

Сонымен қатар «Құқық бұзушылық неден басталады?» тақырыбында аудандық

А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте 8-сынып оқушыларымен мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараны мектеп Парламентінің мүшесі, Құқық және тәртіп фракциясының белсендісі Тасполат Ринат жүргізді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтың неден туындайтыны, оның алдын алудың жолдары, Заң талаптарын сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңызы кеңінен сөз болды.

Оқушылар ашық пікір білдіріп, өз ойларын еркін жеткізді. Тәртіп – тұлғаның айнасы,

Заңға құрмет – саналы ұрпақтың белгісі екені айтылды. Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып,

оларды жауапты да саналы азамат болып қалыптасуына жол ашады.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Damu Info

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТАҒЫ ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Damu Info

Жастар арасында «Мен – лидер!» атты білім беру және ақпараттық шаралар өткізілді

Damu Info