Ақпарат Басты жаңалықтар Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Медиация – татулықтың тірегі» атты облыстық форум өтті. Шара қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған.

Жиын мақсаты — қоғамда бейбітшілік пен келісім мәдениетін дамыту, дау-жанжалды сотқа жеткізбей, өзара түсіністік пен мәміле арқылы шешудің тиімді жолы ретінде медиация институтын насихаттау.Форумды Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл жүргізіп отырды.

Сондай-ақ, жиынға «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, медиатор, А.Ясауи атындағы ХҚТУ PhD докторанты Айгүл Елібаева, кәсіби медиатор Людмила Бондаренко мен «Отбасы қолдау орталығының» директоры Мария Сартайқызы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Бұл жиынның мәні зор. Себебі Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы әділдік пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі форум – тәжірибе алмасу, жаңа көзқарастар мен тиімді тәсілдерді талқылау алаңы. Мұнда айтылған әр ұсыныс қоғамдағы татулық пен келісімнің нығаюына өз үлесін қосады деп сенемін. Біздің басты мақсатымыз – «Заң үстемдігі мен тәртіпті қоғам» қағидатын өмір салтымызға айналдыру. Әр азамат заңды құрметтеп, әр дауға әділдікпен қарауы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі», — деді Болат Серікұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

«QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі!

Damu Info

Түркістан облысы аудандарында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейін зерделеу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы

Damu Info

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті: бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды

Damu info