Ақпарат

Ордабасының өндірістік әлеуеті жоғары

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбділдәбеков жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келді. Аудан әкімі Азат Оралбаев вице-министрге өңірдің өндірістік әлеуетін көрсететін бірқатар нысандарды таныстырды.

Вице-министр Бөржар ауылдық округінде орналасқан заманауи-инновациялық «ALTYN LAND» қыш зауытында болды. Құрылысқа қажетті өнім шығарумен айналысатын бұл кәсіпорын өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Зауыт бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып, жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс табуына жағдай жасап отыр. Кәсіпорын жылына 90 миллион дана кірпіш шығарады. Бұл көрсеткіш аудан мен облыс көлеміндегі құрылыс материалдарына деген сұранысты өтеп, кірпіш тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Сапардың келесі нысаны – Бадам индустриалды аймағында орналасқан «Central Asia Aluminum» профильдер өндіру зауыты болды. Зауыт 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды. Кәсіп- орын заманауи технологияларды пайдалана отырып, жылына 20 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін шығарады. Аймақ өндірісінің қарым-қабілетімен танысқан вице-министр мұндағы өнім сапасы мен өндірістік мүмкіндіктерді жоғары бағалады. Осындай заманауи кәсіпорындар еліміздің индустриялық әлеуетін күшейтіп, экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 1500 орындық заманауи мектеп ел игілігіне берілді

Damu Info

В Шымкенте отметили 30-летие Конституции торжественным мероприятием

Damu info

Қазығұрт ауданында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Damu Info