Ақпарат

Алпыстан аса дүкенге айыппұл салынды

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін сала басшыларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын саралады. 
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Анықталған бағаны негізсіз көтеру деректері өңірлік комиссияда қаралып, тиісті шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері өңірлік комиссияның 44 отырысы өткен. Негізсіз баға көтерген 62 дүкенге әкімшілік шаралар көріліп, айыппұл салынған. Жиында Түркістан-Шымкент-Сарыағаш бағытындағы күре жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін реттеу мәселесі де талқыланды. Басқарма басшысының мәліметіне сәйкес, жол бойында 149 кәсіпкерлік нысан бар. Оның 85-і жөндеуді қажет етеді.Нұрбол Тұрашбеков ұсынылған мәліметпен келіспейтінін айтты. Аудан-қала кесіндісі бойынша нысандардың санын қайта зерделеп, нақтылауды тапсырды. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін жүйелі түрде ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповке аудан-қалалардағы күзгі ағаш отырғызу маусымының нәтижесін саралап, мәліметтерді сәйкестендіруді ескертті. Ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков облыс аумағында мал қозғалысын тіркеу, кіріс-шығыс есебін жүргізу барысында кездесіп жатқан өзекті мәселелерді жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары хаттамалық тапсырмалардың орындалуын да тексеріп, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 70%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫ

Damu info

Жетісайда заманауи денсаулық сақтау нысандары қолданысқа берілді

Damu Info

Адам саудасына қарсы күрес күшейе береді

Damu Info