Бүгінгі күні киберқылмыс бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Облыста өткен жылы интернет-алаяқтыққа қатысты 843 қылмыс дерегі тіркеліп, салдарынан жәбірленушілерге 1 млрд 665 млн теңгеден астам шығын келген.
Қазіргі уақытта интернет пен цифрлы технологиялардың үздіксіз дамуына байланысты интернет-алаяқтық қылмыстары қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып отыр және оның түрлері де күн сайын кең таралып келеді.
Өңірде қылмыстың бұл түрі жылдан жылға көбейіп отыр. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2023 жылы интернет-алаяқтыққа қатысты 567 қылмыс тіркелген. Ал 2024 жылы 598 қылмыс анықталып, сол жылы жәбірленушілер шамамен 1 млрд теңге көлемінде шығынға ұшыраған.
Облыстық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Ермек Шәкімнің мәлімдеуінше, тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстарының ішінде ең жиі кездесетін тәсіл — банк қызметкері, құқық қорғау органдары, байланыс операторлары мен пошта қызметкерлері атынан қоңырау шалу.
Аталған әдіс бойынша өткен жылы 340 дерек анықталған. Сондай-ақ инвестиция салу сылтауымен алдау фактілері бойынша 98 жағдай тіркелген.
— Ал интернет-дүкендер мен онлайн-платформалар арқылы тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем жасау («Wildberries», «TEMU», «Колеса», «Крыша», «OLX» және өзге де сервистер) деректері 255 жағдайды құраған. Бұдан бөлек, мессенджерлер арқылы танысының атынан ақша сұрау бойынша 49 дерек, ұтыс ойындарына қатысты 47 дерек және интернет-алаяқтықтың өзге де түрлері бойынша 54 дерек анықталды, — деді спикер.
Бұдан бұрын хабарланғандай, интернет алаяққа 32 млн теңге несие алып берген ерлі-зайыпты оқиғасын айтып берді.
Ақша аудармас бұрын, оған қарапайым байланыс арқылы қайта қоңырау шалып, осы хабарламаны оның жазғанына көз жеткізіңіз. Себебі алаяқтар фишингтік сілтемелер арқылы мессенджерлерге қол жеткізеді. Сондықтан ешқашан белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Ұялы телефонға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз»
Интернет желісінде қандай да бір тауарды сату немесе қызметті ұсыну туралы жарнамалар көрсеңіз, сақ болыңыз! Ақшаны аудармас бұрын немесе тауарды бөліп төлеуге рәсімдемес бұрын, онлайн дүкеннің шынымен бар екеніне көз жеткізу керек. Өтірік тауардыңбелгілері төмен бағалар мен жылдам жеткізу, тауар туралы пікірлердің болмауы және міндетті алдын ала төлем болуы мүмкін. Бұл туралы жақындарыңызға айтуды ұмытпаңыз.
