Жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Лудомания – қоғам дерті» атты форум өтті. Аталған шараның басты мақсаты – құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастарға тигізер зиянын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар, дін өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен сала мамандары қатысты. Форум жұмысына Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков модераторлық жасап, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен орнықтыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін айтты.

Форумда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, ауданның бас имамы Еркін Полатов, психолог мамандар, спорт саласының өкілдері қатысты.

Форум барысында ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов ұлттық тәрбиенің, үлкеннің ақылы мен батасының қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов заңнамалық тұрғыда лудоманиямен күрес шаралары жөнінде пікір білдірді. Ауданның бас имамы Еркін Полатов дін тұрғысынан құмар ойындардың зиянын түсіндіріп, рухани құндылықтарды сақтауға шақырды. Психолог мамандар Мұхтар Шильдерханов пен Фатима Туғанбаева лудоманияға тәуелділіктің психологиялық себептері мен одан шығу жолдары туралы тренинг өткізді.

Сондай-ақ, чемпиондар Айдарбек Тоқтарбек пен Мадхия Усманова жастарды спортқа, тәртіп пен еңбекке шақырды.

Мәдениет қызметкерлері лудоманияның зардаптарын бейнелейтін тағылымды сахналық көрініс ұсынды. Көрініс көрермендерге терең ой салып, құмар ойынның адам тағдырына тигізер кері әсерін әсерлі түрде жеткізді. Шара барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар лудоманияның алдын алуға, жастардың санасын сергек етуге бағытталды.

Азаптау – адам құқығын аяққа таптау, адамгершілікке қайшы ауыр қылмыс. Қандай жағдайда болмасын ешкімді қорлауға, ұрып-соғуға, психологиялық қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық нормаларға сәйкес, азаптауға, қатыгез немесе адам қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Азаптаудың салдары:

– Адам психикасы мен денсаулығына ауыр зиян келтіреді;

– Қоғамда сенімсіздік пен қорқыныш тудырады;

– Мемлекет беделіне нұқсан келтіреді.

Әр азамат құқық қорғау органдарында әділдік пен қауіпсіздіктің сақталуын талап етуге құқылы. Азаптауға жол бермеу – әділетті қоғамның негізі.

Адам құқықтарын қорғау – бәрімізге ортақ міндет.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ 1667,0 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Damu Info

Глава государства выступил на Третьей конференции Организации Объединенных Наций по развивающимся странам, не имеющим выхода к морю

Damu info

МАҚТААРАЛДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙДТЕР КҮШЕЙТІЛДІ

Damu Info